Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстан премьер-министрі отырған көлік жол апатына ұшырады

Опубликовано:

Өзбекстан премьер-министр Абдулла Арипов мінген қызметтік көлік жол апатына ұшырады. Абырой болғанда оқиғадан қаза болған адам жоқ. Шенеунік жеңіл жарақат алған деп хабарлайды Өзбекстан Бас прокуратурасының сайтына сілтеме сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ca-news.org
Фото: ca-news.org: UGC

Вемдомствоның хабарлауынша, жол апаты 20 тамыз күні "Карасу - Бука - Бекабад" тасжолында болған.

"Mercedes-Benz" қызметтік көлігінде премьерден бөлек оның орынбасары Алишер Султонов, Президент аппаратының жауапты қызметкері У.Курбонов отырған.

Жол апатынан Алишер Султонов ауыр жарақат, ал Курбонов жабық сүйек жарақатын алған.

Құзырлы органдағы дереккөздің мәліметінше, Damas көлігінің жүргізушісі көлігін басқара алмай қалып, қарсы бағыттағы қызметтік көлікпен соқтығысқан.

Екі көліктің де жүргізушілері зардап шеккен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1748533-zbekstan-premer-ministri-otyrgan-klik-zol-apatyna-syrady/

pixel