RU
Қаржылық кеңесші: Доллардың 400 теңгеге дейін жетуі екіталай
Жаңалықтар Саясат және экономика

Қаржылық кеңесші: Доллардың 400 теңгеге дейін жетуі екіталай

Рассказать Вконтакте

Қаржылық кеңесші Расул Рысмамбетов теңгенің қазіргі әлсіреуіне қатысты пікір білдіріп, теңгенің долларына 400-ге дейін әлсіреуі екіталай екенін айтты деп хабарлайды Baq.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото ruscur.ru

Көрнекі фото ruscur.ru

Сарапшының ойынша, валюта айырбастау пунктеріндегі бағамның күрт өзгеруі тек үрейлі реакция болуы мүмкін.

"Меніңше, валюта айырбастау пунктерінде теңгенің долларына 367-ге дейін күрт әлсіреуі – үрейлі реакция. Сондай-ақ, теңгенің долларына 400-ге дейін әлсіреуі екітілай деп ойлаймын. Қазақстан бірқатар азық-түлік түрі бойынша 80%-ға импортқа тәуелді.
Біздің өнеркәсіп негізінен шетелдік құрал-жабдықты пайдаланады. Ал біз оларды долларға сатып аламыз. Сондықтан үкімет пен Ұлттық банк бағамды долларына 400 теңгеден, тіпті 370 теңгеден төмен болу үшін шаралар қабылдауы әбден мүмкін", - деген маман теңгенің әлсіреуіне әсер ететін негізгі себептерді атады.

"Әлемде доллар күшейіп келеді. Себебі, АҚШ экономикасы дамып, ол жақта жұмыссыздық төмендеуде. Доллар еуромен де, фунтпен де салыстырғанда күшейген. Қазақстандық нарыққа қарағанда Ресейдің бағалы қағаздар нарығы шетелдік инвесторлар үшін ашық және ол қазіргі санкциялар аясында рубльдің әлсіреуін жылдам сезеді. Ал құлдырап бара жатқан рубль өзімен бірге теңгені төмен сүйреп бара жатыр", - дейді Рысмамбетов.

Қаржылық кеңесші теңгенің әлсіреуіне ықпал еткен тағы бір себепті атады. Ол бұған Ұлттық банктің әрекеттері әсер етті деп болжап отыр.

"Менің жеке пікірім бойынша, үкімет ел бюджетін толтыру үшін Ұлттық қордағы доллардың бір бөлігін жоғарғы бағам бойынша теңгеге айырбастау туралы шешім қабылдады", - деді Расул Рысмамбетов.

Айта кетейік, 20 тамызда теңгенің долларға шаққандағы бағамы 1 доллар үшін 360,12 теңгені құраған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
3
0
1
2
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel