RU
Жетінші медаль: Тағы бір отандасымыз Қазақстанға Азиаданың қола жүлдесін сыйлады
Жаңалықтар Спорт

Жетінші медаль: Тағы бір отандасымыз Қазақстанға Азиаданың қола жүлдесін сыйлады

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық Кирилл Казанцев маунтинбайктан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды деп хабарлайды Olympic.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Кирилл Казанцев. Фото: olympic.kz

Кирилл Казанцев. Фото: olympic.kz

Кросс-кантри категориясында сынға түскен спортшымыз бірнеше айналым бойы бірінші орында келе жатқан. Алайда, мәреге жақын қалғанда Казанцев сыр беріп, қытайлық спортшыларды алдына жіберіп алды. 

Осылайша, біздің спортшымыз жеңімпаздан 2 минут 32 секундқа кейін қалып, қола жүлдегер атанды. Күміс медаль да Қытай спортшысының еншісінде. 

Бүгін жарыс жолына шыққан тағы бір қазақстандық Шарик Әділов 8-ші орында. 

Кирилл Казанцев Азия ойындарының жетінші медалін ел қоржынына салды. 

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel