RU
Риода туды көтеріп шыққан спортшы ел қоржынына кезекті қола жүлдені салды
Жаңалықтар Спорт

Риода туды көтеріп шыққан спортшы ел қоржынына кезекті қола жүлдені салды

Рассказать Вконтакте

80 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғаған таеквондошы Руслан Жапаров Азия ойындарының қола жүлдегері атанды деп хабарлайды Olympic.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Жартылай финалда ол Иран спортшысына 7:11 есебімен жол берді. 

Осылайша, Жапаров автоматты түрде Азия ойындарының қола жүлдегері атанып, Қазақстан қоржынына сегізінші жүлдені салды. 

Ал әйелдер арасында +67 келі салмақта бақ сынаған Жансель Дениз финалда Азия ойындарының алтынына таласады. 

Еске сала кетейік, Руслан Жапаров 2016 жылғы Рио Олимпиадасында Қазақстанның көк байрағын көтеріп шыққан еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel