RU
Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 8 адам көз жұмды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 8 адам көз жұмды

Рассказать Вконтакте

20 тамыз күні Алматы облысындағы тас жолда жантүршігерлік жол апаты болып, 8 адам қайтыс болған деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Иллюстрациялық фото vistanews.ru сайтынан алынды

Иллюстрациялық фото vistanews.ru сайтынан алынды

Қайғылы жол апаты Алматы-Екатеринбург автожолының 385-м шақырымында, Жамбыл ауданының Үлкен ауылына жақын маңда болған. BMV мен Opel Vectra-ның соқтығысып, соқтығысу кезінде автокөліктердің бірі өртеніп кеткен.

Оқыс оқиғадан 8 адам қаза тапса, оның бірі кішкентай бала. Көлік апатынан жас келіншек аман қаған, ол әртүрлі дене жарақатымен Қарағанды облысы Приозерск ауруханасына жатқызылған.

Алматы облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растап, жол-көлік оқиғасы бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.   

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
11
1
22
2
1
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel