RU
Шәкіртіне қазақша нұсқау берген кореялық бапкерге ел сүйсінді (видео)
Жаңалықтар Спорт

Шәкіртіне қазақша нұсқау берген кореялық бапкерге ел сүйсінді (видео)

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде Азия ойындарында таэквондодан Қазақстан құрамасының бас бапкері Ю Енг Джин шəкірттеріне қазақша нұсқау беріп жатқан видеосы тарады деп жазады NUR.KZ.

Олимпиада комитетінің Іnstagram-дағы парақшасында пайда болған видеодан Ю Енг Джиндің "Айнал, айнал, босама, босама, шаршама, шаршама!", деген сөздерін естуге болады.

Бұған сүйсінген желі қолданушылары: "Қазақша сөйлей алмайтын қазақтарға үлгі", "Міне, нағыз бапкер", "Өз ісінің шебері қызықан адам үшін тіл үйрену қиындық тудырмайды", "Бәрекелді. Міне бапкер деген осылай жан тәнімен берілу керек" деген сынды пікірлерін жаудырды.

Еске сала кетейік, таэквондодан Қазақстан құрамасы ео қоржынына үш медаль салды. Олардың екеуі қола болса, бірі күміс жүлде.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
2
40
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel