RU
Қолтырауынның азулы тісінен босап шығып, ауруханаға өзі барған жігіт дәрігерлерді таңғалдырды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Қолтырауынның азулы тісінен босап шығып, ауруханаға өзі барған жігіт дәрігерлерді таңғалдырды

Рассказать Вконтакте

Малайзияда 42 жастағы Хамид Мохд Исмаил есімді ер адам балық аулауға барамын деп қолтырауынға жем бола жаздады деп жазады life.ru порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Twitter

Фото: Twitter

Басылымның мәлметінше, ер адам таңертең жағалауға балық аулауға келген. Алайда күтпеген жерден судан қолтырауын атып шығып, тұрғынды бас салған.

Абырой болғанда Хамид ғажайыптың күшімен жыртқыштың азулы тісінен босап шығып, мотоциклмен ауруханаға өзі барған.

Ал емхананың табалдырған аттанғанда дәрігерлер оны көріп шошып кеткен. Себебі жыртқыш оның беті мен кеудесінде ауыр жарақаттар қалдырған. Көп қан жоғалатқан Хамид Мохд Исмаил ауруханаға жеткен бойда есінен танып қалған.

Ақ халаттылар оған бірден медициналық көмек көрсеткенімен оның әлі де әлсіз екенін оқиғаның мән-жайын толығырақ айтып беретін дәрежде емес екенін атап өтті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
1
4
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel