RU
Дауыл мен бұршақ: Қазақстанның төрт облысында дауылдық ескерту жарияланды
Жаңалықтар Қоғам

Дауыл мен бұршақ: Қазақстанның төрт облысында дауылдық ескерту жарияланды

Рассказать Вконтакте

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазақстанның төрт облысында дауылдық ескерту жарияланды деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Иллюстрациялық фото fotorelax.ru сайтынан алынды

Иллюстрациялық фото fotorelax.ru сайтынан алынды

Синоптиктердің болжамынша, 22 тамызда Ақмола облысының түнде кей жерлерінде қатты жаңбыр жауып, кей жерлерінде найзағай, тұман, бұршақ күтіледі. Ал солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін.

Сонымен қатар ертең Астана қаласында найзағай, түнде және таңертен тұман күтіледі. Күндіз бұршақ болады. Солтүстік-батыс, батыстан соғатын желдің екіпіні 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

Дауылдық ескертудің ықтималдылығы 90-95 %

22 тамызда Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде оңтүстік-батыс, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

23 тамызда Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке күшейеді, найзағай күтіледі.

22 тамызда Орал қаласында оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с дейін күшейеді. 23 тамызда солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің екпіні 18 м/с дейін күшейеді, найзағай күтіледі.

Дауылдық ескертудің ықтималдылығы 95-98%

22 тамызда Шығыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде найзағай күтіледі, оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екіпіні 15-20, 25 м/с дейін жетуі мүмкін. Күндіз кей жерлерде бұршақ жауып, дауыл болуы ықтимал.

Өскемен қаласында 22 тамызда найзағай күтіледі, оңтүстік-батыс, батыстан екпіні 15-20 м/с жел күтіледі.

22 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында түнде солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 метрге дейін күшейеді, кей жерлерде желдің екпіні 25 м/с жетеді деп күтілуде.

Өңірдің кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түсіп, бұршақ жауып, дауыл тұруы ықтимал.

Петропавл қаласында 22 тамызда түнде солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін

Сондай-ақ, тұман, дауыл, жаңбыр, найзағай болуы ықтимал.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
3
1
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel