RU
Алмат Кебіспаев Азия ойындарының алтынын уысынан шығарып алды
Жаңалықтар Спорт

Алмат Кебіспаев Азия ойындарының алтынын уысынан шығарып алды

Рассказать Вконтакте

67 келі салмақта Азия ойындарының финалында белдескен Алмат Кебіспаев күміс жүлдегер атанды деп хабарлайды Olympic.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: olympic.kz

Фото: olympic.kz

Кебіспаев финалда Оңтүстік Корея өкілі Хансю Рюдан бір ұпай айырмашылығымен жеңілді. Есеп - 5:4.

Алмат Кебіспаев финалға дейін қарсыластарын айқын басымдықпен жеңген болатын. Өкінішке қарай, ақтық сында отандасымызға аздаған сәттілік жетіспей қалды. 

Еске сала кетейік,, бүгін боз кілемге шыққан 60 келідегі Мейрамбек Айнағұлов үздік үштікті тұйықтаса, 76 келіде бақ сынаған Эльмира Сыздықова да қола жүлдегерлер қатарында. 

Айта кетейік, Алмат Кебіспаевтің күміс жүлдесі Қазақстан қоржынына түскен 13-ші медаль.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
2
1
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel