RU
Денис Теннің қазасынан кейін 13 полицей жазаланды
Жаңалықтар Қоғам

Денис Теннің қазасынан кейін 13 полицей жазаланды

Рассказать Вконтакте

Денис Теннің өлімінен кейін ІІД-нің 13 қызметкері жазаланды оларлың арасында басшылықта отырған 3 қызметкер бар деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: © Twitter

Фото: © Twitter
Source: UGC

19 шілде күні Алматыға жедел қызмет жұмысын тексеру үшін әрі алдын алу шараларын жүргізу үшін криминалды полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзиннің басшылығымен ІІМ орталық аппаратының қызметкерлері мен өзіндік қауіпсіздік қызметі келген болатын.

Қазаға қатысты жан-жақты зерттеу жасау үшін Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жакупов та Оңтүстік Астанаға ат басын бұрған еді.

Тексеріс кезінде қоғамдық тәртіп сақтауды қамтамасыз ету мәселелерінде шикіліктер мен қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын бақылау барсында полицейлердің жұмысынан кемшіліктер табылған.

Қызметтік тергеу нәтижесіде ІІД-нің 13 қызметкері қатаң жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде басшылықта отырған 3 қызметкер бар.

Сондай-ақ, қалалық жергілікті полиция бастығы Ж.Байкенов пен  Алмалы аудандық полиция бастығы С. Кумабеков қызметінен босатылған. 

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel