RU
20 метр биіктен құласа да, денсаулығы сыр бермеген әйел дәрігерлерді таңырқатты
Жаңалықтар Калейдоскоп

20 метр биіктен құласа да, денсаулығы сыр бермеген әйел дәрігерлерді таңырқатты

Рассказать Вконтакте

20 метр биіктіктен құлап, 10 сағат бойы теңізде болған 46 жастағы британдық әйел аман-есен табылды деп хабарлайды Хабар24-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:24.kz

Фото:24.kz

Хорватия жағалауынан 100 шақырым қашықтықта "Норвегия жұлдызы" атты саяхат кемесінен суға құлап кеткен Кэй Лонгстаффтың құтқару операциясына Хорватия жағалау күзетінің ұшағы мен азаматтық кемелер жұмылдырылды.

Әбден шаршап-шалдыққан әйелді құтқарушылар ол жоғалған аумақтан 1 мың 300 метр қашықтықтан тапқан.

"Әдетте адам баласы теңізде осынша ұзақ уақыт шыдай алмайды. Бақытымызға орай, ауа райы қолайлы әрі су жылы болды. Осының арқасында әйел аман қалды. Өзі де шыныққан кісі деп ойлаймын. Жүйкесі де мықты екен, бұған төзу оңай емес", - дейді "Cavtat" кемесінің капитаны Ловро Орескович.

20 метр биіктіктен құлап, соншама ұзақ теңізде болған әйелдің денсаулығы сыр бермегеніне дәрігерлер де таң қалып отыр.

Кэй Лонгстаффтың өзі ұзаққа шыдауына йогамен айналысқаны септігін тигізгенін айтады. Әрі өзі де суда жақсы жүзеді екен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel