Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аттың құлағында ойнайтын шабандоз қыз көпті таңдай қақтыруда

Опубликовано:

19 жастағы қырғызстандық азаматша бүгінде ат спортынан елінің нағыз майталманына айналған. Диана Ашырбаева өзінің жасына қарамастан тәжірибесі мол кәсіби ер шабандоздарға да бәсекелестік тудыра алады деп жазады NUR.KZ.

Қырғызстан тумасы кіші кезінде таэквондомен айналысқанына қарамастан, бұл спорт түрін өзіне жақын емес екенін түсінген. Үш жыл бойына жаттығып, ол басқа бағытты таңдауға бел буды.

Қыз балалар түрлі сән-қой дүниелерге қызығып жүрген шақта, Диана бос уақытын сәгүліктердің қасында өткізгенді ұнатқан. Оның спорттың аса қауіпті түріне бет бұруына да осы жылқыларға деген махаббаты итермелесе керек.

Арасында модель болып жұмыс істеген бойжеткен Ыстық көлде болған арнайы түсірілім кезінде өзін ат спортына арнағысы келгенін түсінген.

Содан бері, кәсіби тұрғыда жаттыққан Диана бүгінде мемлекеттік жарыстарды былай қоя тұрып, елінің намысын халықаралық аренада қорғап жүр. Көпшілік оны шашы болмаса, ұл деп қалады.

Ол қыз қуу және аударыспақ секілді ойындарға қатысып, бірнеше дүркін жеңімпаз атанған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1748616-atty-klagynda-ojnajtyn-sabandoz-kyz-kpti-tadaj-kaktyruda/

pixel