RU
Үйлену тойында аспанға мылтық атқан ақтөбеліктердің басы бәлеге қалды
Жаңалықтар Қоғам

Үйлену тойында аспанға мылтық атқан ақтөбеліктердің басы бәлеге қалды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысында үйлену тойы кезінде аспанға мылтық атқан жігіттерден қару тәркіленді. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр деп хабарлайды Керек Инфо сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Кадр Instagram-дағы видео:дан алынды

Кадр Instagram-дағы видео:дан алынды

Оқиға 11 тамыз күні Шалқар ауданының Әйтеке би көшесінің маңындағы көл жағасында болған. Тойдағы кешкі серуен кезінде жастардың аспанға мылтық атқан бейнежазбасы әлеуметтік желіге жүктеліп, елді дүрліктірген еді.

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, осыдан кейін қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталған.

Жастар үйлену тойы кезінде көл жағалауына аялдап, аспанға аңшы мылтығымен оқ атқан. Осы оқиға бойынша Қылмыстық Кодекстің 287 бабының 2 бөлігі, "Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Шалқар ауданының 22 жастағы тұрғынынан 16 калибрлі “ИЖ-К” маркалы аңшы мылтығы заттай дәлелдеме ретінде алынған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel