RU
Алматылық палуан 40 келі қошқарды 510 рет көтеріп рекорд орнатты (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Алматылық палуан 40 келі қошқарды 510 рет көтеріп рекорд орнатты (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматының орталық мешітінде "Құрбан айт" мерекесінде өткен спорттық жарыста палуан Ілияс Жұмай 40 келі қошқарды 510 рет көтеріп жаңа рекорд орнатты деп хабарлайды ақпараттық-спорттық ХАБ сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Ақпараттық-спорттық ХАБ сайты

Фото: Ақпараттық-спорттық ХАБ сайты
Source: UGC

Бұл шара таңғы айт намазынан кейін 4,5 мың адамның қатысуымен басталды. Кез келген қатысушылар өздерін қошқар көтеру, қол күрес, бағанаға шығу және асық атудан сынап көрді.  

Фото: Ақпараттық-спорттық ХАБ сайты

Фото: Ақпараттық-спорттық ХАБ сайты
Source: UGC

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтар, сондай-ақ, қошқар көтеру жүлдегерлері 40 келі қошқарларға ие болды. Оның екеуі 505 және 510 рет көтерген жас палуандар Бауыржан Әбдіхайым мен Ілияс Жұмайға бұйырды.    

"Мен қатысам ба жоқ па деп көп ойландым. Себебі алда Ресейде жарыс күтіп тұр. Бірақ. 505 дегенді көріп, жігерленіп, қатысуға бел будым. Осылайша 510 рет көтеріп өзім үшін рекорд орнаттым. Мен әрқашанда өз қарсыласымды жеңуге тырысатын адаммын, бүгінде ұтуға тырыстым. Егер ол қошқарды 600 рет көтергенде, мен 605-ке жеткізуге талпынатын едім", - дейді еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Ильяс Жұмай.
Алматылық палауан 40 келі қошқарды 510 рет көтеріп рекорд орнатты (фото)

Алматылық палауан 40 келі қошқарды 510 рет көтеріп рекорд орнатты (фото)
Source: UGC

Ілияс Жұмай осының алдында, екі ай бұрын осы бағдарламаның ашылуында да дәл осындай қошқарды 205 рет көтеріп ұтып алған болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel