Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астананың "қыз ұзату" тойына барған шымкенттік тұрғын шошып қайтты

Опубликовано:

Астананың тойына алғаш рет келген шымкенттік тұрғын, бас қаланың тойға қатысты салт-жоралғаларын сынап тастады. Мейманға әсіресе бас шаһардың дастархан жаю рәсімі ұнамапты деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Фото: YouTube
Фото: YouTube: UGC

Шымкенттік Бақберген есімді ер-азамат Астананың тойына алғаш рет келген көрінеді. Тұрғынның айтуынша, Шымкенттегі той дәстүрлері Астанадағыдан әлдеқайда жақсы екен.

"Жиенімнің ұзату тойына келген едім. Шынымен Астананың тойы біздікімен салыстырғанда мүлде басқаша екен. Бізде расында да көп кісі шақырады, бірақ соған қарай көңілді өтеді. Бұл жақтың адамдары суық екен, әсіресе, әйелдер жағы бет-әлпеттеріне макияжды құйып алып, бір-бір кішкене сөмкемен алып, сынағаннан басқа түк білмейді екен. Сосын, той екі сағатқа кеш басталды. Кеш басталып, кеш аяқталады екен. Мысалы бізде қызды 12-ге дейін алып кетеді, бұл жақта мейрамхана жабылғанша түнгі 2-ге дейін той жалғасты. Тек екіге таман ғана сыңсу айтып, қызды алып кетті", -дейді тұрғын.

Сонымен бірге ол, "Астананың дастархан жаю рәсімін"де сынға алды.

"Бізде бір дастарханда салаты да, тәттісі де, тіскебасарлары да бәрі тұрады. Не ұнайды, содан қалауыңша дәм тата бересің. Бұл жақта қалай? Бірінші тіскебасар дастарханы болады екен. Салаттардан дәм тата қояйын десең, біз білмейтін шөп-шалам, жегің де келмей қалады екен. Еті де дәмсіз, құнарсыз көрінді. Сосын шай дастарханына бөлек шайханаға жасайды екен. Қызықтың бәрі міне сол жерден басталды. Кім не ішіп, не қойғанын білмейді, біреулер мына жақта билеп жатады, біреулер шай ішіп жатады. Егер біреу "шай ішіңіз" деп шайханаға апармаса, билеп жүріп, шайсыз қалуға болады. Ол шайхананың да дастарханындағы тәттілерді түк қоймай алып кетеді екен. Қызық енді, әр елдің салты басқа деуші ме еді? Әрине, жамандағаным емес, бірақ өзімнің Шымкентімнің тойыма жетпейді екен", - дейді қала қонағы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1748632-astanany-kyz-zatu-tojyna-bargan-symkenttik-trgyn-sosyp-kajtty/

pixel