RU
Қарағандыда мектеп оқушысы есірткі сатумен айналысты деген күдікке ілінді
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қарағандыда мектеп оқушысы есірткі сатумен айналысты деген күдікке ілінді

Рассказать Вконтакте

Қарағандыда есірткі тасымалдады деген күдікпен ұсталған 17 жастағы қыз 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Мектеп оқушысы ішіне есірткі салынған полиэтилен түйіршіктерін қаланың әр бұрышына көміп жүріпті деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Brosaem.info

Көрнекі фото: Brosaem.info

17 жастағы Қарағанды тұрғынының сөзінше, ол бұл жұмысты әлеуметтік желіден тапқан. Оқушы күніге қаланың әр жеріне 40 түйіншектей көміп жүріпті. Әр ісі үшін оның шотына 800 теңге түсіп отырған екен.

Тінту кезінде қыздың қалтасынан 15 түйіншік табылған. Алайда ол не тасымалдағанын білмейтінін айтыпты.

Полицейлер қазір Қарағандыда "спайс" деп аталатын есірткі түрі көптеп таралғанын айтуда.

Сондай-ақ, олар мектеп оқушысының көрсетуімен 17 түйіншек табылғанын жеткізді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
3
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel