RU
Алматыда автобус жүргізушісі жаттығып жүрген велосипедші қызды қағып кетті (фото)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматыда автобус жүргізушісі жаттығып жүрген велосипедші қызды қағып кетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматыда автобус жүргізушісі жаттығу жасап жүрген велосипедші қызды қағып кетті. Ал қалған велосипед тебушілер автобуспен соқтығысудан аман қалған. Бұл туралы жәбірленушінің жаттықтырушысы Тимур Игликов өз Facebook парақшасында жариялады деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: facebook/Тимур Игликов

Фото: facebook/Тимур Игликов

Жаттықтырушының айтуынша, велосипедшілер тобы таңғы жаттығу кезінде автобустың маневр жасауына кедергі келтірген, сол уақытта жолаушылар көлігінің жүргізушісі оларға әдейі соқтыққан.

Фото: facebook/Тимур Игликов

Фото: facebook/Тимур Игликов

Оның сөзінше, олар ешқандай көліктің жолда жүруіне кедергі болмаған және жолда жүру ережесін бұзбаған екен.

Бәрінен бұрын Тимурды автобус жүргізушісінің жол апатынан кейінгі әрекеті таң қалдырыпты.

"Жүргізуші автобустан түсе сала, кешірім сұраудың орнына қызға бас салып айғайлай берді: -Қайда келе жатырсың? Мен саған сигнал беріп жатырмын ғой. Мен басты жолда келе жатырмын, тоқтай алмадың ба? деп айтты" ,- деді Тимур.

Оқиғадан кейін ол ол басты сызықтан велосипедшілер келе жатқан жолға ауысуы қажет болғанын айтыпты. Алайда маневрді орындамас бұрын ол спортшыларға сигнал бергенін жеткізген.

Фото: facebook/Тимур Игликов

Фото: facebook/Тимур Игликов

Жол апатынан кейін бір велосипедші қыз зардап шекті. Қазір ол үйінде ем-шаралар қабылдап жатыр.

Фото: facebook/Тимур Игликов

Фото: facebook/Тимур Игликов

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel