RU
Үйде сүндеттелген екі жасар бала комаға түсті
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Үйде сүндеттелген екі жасар бала комаға түсті

Рассказать Вконтакте

Жаңа Мәскеу ауданында үйде сүндеттелген екі жасар бала комаға түсіп қалды деп хабарлайды diapozon.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Porosenka.net

Көрнекі фото: Porosenka.net

Оқиға 20 тамыз күні болған. Десеновское ауданында жұмыссыз ер адам баланың ата-анасының өтініші бойынша кішкентай сәбиді сүндетке отырғызған.

Осы мезетте балақайдың аяқ-қолы қалтырап, дем жетпей қалыпты. Дереу ауруханаға жеткізілген сәби комаға түсіп, жансақтау бөліміне жатқызылған екен.

Тергеу комитеті аталған іске байланысты алдын ала тексеру жүргізіп бастаған.

Алдын ала болжамдар бойынша, баланы тәжікстандық тәжірибелі педиатр сүндеттеген. Алайда анестезиядан соң комаға түскен бүлдіршінге дәрігер көмек көрсете алмапты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
0
5
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel