RU
Шымкентте төрт адамды қаққан "ерке" баланың дөкей әкесі 11 жылға сотталды
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте төрт адамды қаққан "ерке" баланың дөкей әкесі 11 жылға сотталды

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық соты "ерке" баланың дөкей әкесі" атанып кеткен Оңтүстік Қазақстандағы қылмыс әлемінің серкесі Ерехан Сүлейменовке жаза тағайындады деп хабарлайды NUR.KZ.

"Шымкенттік дөкейдің" ұлы. Коллаж: nur.kz

"Шымкенттік дөкейдің" ұлы. Коллаж: nur.kz

Ерехан Сүлейменов аса ірі сомада ақша бопсалау мен алаяқтыққа кінәлі деп табылды. Сотта оның 2010 жылдан бастап, Түркістанның ірі бизнесмендерінің бірін қорқытып, тұрақты түрде одан ақша бопсалағаны анықталды.

Өмірі мен отбасы үшін қорыққан кәсіпкер "қылмыс әлемінің серкесіне" ай сайын 10 мың доллардан беріп тұруға мәжбүр болған. Қылмыс әлемінде "Ероха Туркестанский" лақап атымен танымал Сүлейменов кәсіпкерден тағы да ақша бопсалап, құрылыс материалдарын тегін алып отырған.

Соттың мәліметіне сәйкес, кәсіпкер 213 млн 888 мың теңге шығынға батыпты. 2017 жылдың қаңтарында шыдамы таусылған кәсіпкер кезекті бопсалау кезінде полицияға жүгінеді. Сүлейменов қамауға алынып, 11 жылға қатаң режимдегі колонияда бас бостандығынан айырылды. Сот оны зардап шегушіге 213 млн 888 мың теңгесін қайтаруға міндеттеді.

Еске салсақ, Шымкентте 49 жастағы Түркістан тумасы Ерехан Сүлейменов сот алдына келгенін хабарлаған болатынбыз.

Сүлейменовтің ұлы Исмаил де жұртты бір шулатқан болатын. Өткен жылдың тамызында ол төрт жұмыскерді қағып, адам өліміне әкеліп соқтырған жол апатын жасайды. Исмаил сотталғанымен, кейін рақымшылыққа іліккен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel