RU
Қалыңдық тойға бірнеше минут қалғанда тіл тартпай кетті
Жаңалықтар Әлемде

Қалыңдық тойға бірнеше минут қалғанда тіл тартпай кетті

Рассказать Вконтакте

Қытайдың Чжэнчжоу қаласында жас жігіт қалыңдығынан айырылып қалды. Бойжеткен тойға бірнеше минут қалғанда тіл тартпай кеткен. Бұл туралы NUR.KZ порталы asn.in.ua сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Күйеу жігіт пен қалыңдық. Фото: asn.in.ua

Күйеу жігіт пен қалыңдық. Фото: asn.in.ua

Янг Фэн есімді жүргізуші Сяо Хуи атты бойжеткенмен екі жыл бұрын танысып, оған ессіз ғашық болып қалады. Сяо қатерлі дерттен өмірі өлшеулі қалғанын бірден жасырмай айтады.

Алайда Янг бұған мойымай, ғашығын аяқтан тұрғызу үшін барын салады. Ол бар қаражатын болашақ жарының еміне жұмсайды. Өкінішке қарай, бойжеткенге ешбір ем қонбай, ол тойға бірнеше минут қалғанда өмірімен қош айтысқан.

Қалыңдық көйлегін киіп үлгермеген бойжеткен өмірінің соңғы сәттерін күйеу жігіттің қасында өткізді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
34
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel