RU
Кішкентай балалар анасының мәйітімен бірнеше күн түнеуге мәжбүр болды
Жаңалықтар Әлемде

Кішкентай балалар анасының мәйітімен бірнеше күн түнеуге мәжбүр болды

Рассказать Вконтакте

АҚШ-та екі балақай жол апатынан соң бірнеше күн аналарының мәйітімен бірге түнеген. Тәртіп сақшылары бүлдіршіндердің бірін жол бойынан байқап қалған деп хабарлайды ren.tv сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Sb.by

Фото: Sb.by

Жаға ұстатарлық жағдай Арканзас штатында болған. Қанды көлік апатынан кейін балалар бірнеше күн аналарының өлі денесімен бірге түнепті.

Алғашында тәртіп сақшылары үш жасар қызды жол бойынан байқапты. Іздеу шараларынан кейін олар жақын маңдағы сайдан көлік тауып алған көрінеді. Оның ішінде 25 жастағы әйелдің өлі денесі мен орындықтағы сәби барын анықтаған.

Анықталған мәлімет бойынша, әйел рөлді басқара алмай, жол апатына түскен екен. Ал үш жасар балақай көліктен шыққан соң өзі мен інісінің өмірін құтқарып қалыпты.

"Балалар тозақты бастан өткерді" ,- деді жергілікті шериф.

Тәртіп сақшысының сөзінше, жолда кездескен балақай оны жібермей құшақтап алыпты.

Қазір балалар ауруханаға жіберілді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
3
1
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel