RU
Қатерлі ісікке шалдыққан қызды сүйіп алған Рим папасы, оны емдеп жіберді
Жаңалықтар Калейдоскоп

Қатерлі ісікке шалдыққан қызды сүйіп алған Рим папасы, оны емдеп жіберді

Рассказать Вконтакте

Кіші кезінен бері бас миының қатерлі ісігіне шалдыққан Жанна Массиантонио өзінің өлер күнін күтіп жүрген. Алайда, Рим папасымен өткен кездейсоқ кездесуден соң ол таңғажайып жағдайда емделіп кетті деп жазады planetanovosti.com сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: planetanovosti.com

Фото: planetanovosti.com

2015 жылы Ватикан көшелерінде келе жатқан Жанна Рим папасына тап болады. Ол кішкентай қыздың ауыр дертке шалдыққанын білмей тұра, оны сүйіп алған.

Дәл осы кездесуден кейін жасөспірімнің денсаулығы жақсарып, ол үш жыл ішінде толығымен сауығып кетті. Дәрігерлер үмітін үзген қыздың тез арада түсініксіз жағдайда жазылып кеткеніне аң-таң болып қалған.

Өмірінің алғашқы төрт айында қатерлі ісігі анықталып, өмірінен үміт үзген қыздың жазылып кеткеніне оның анасы бәріненде қатты қуанды. Ол перзентінің енді мектепке дайындалып, жаңа өмірді бастамақ жоспарымен бөлісті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
2
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel