RU
Бүгін Азия ойындарында Қазақстан қоржыны тағы екі қоламен толықты
Жаңалықтар Спорт

Бүгін Азия ойындарында Қазақстан қоржыны тағы екі қоламен толықты

Рассказать Вконтакте

Бүгін Инденозияда өтіп жатқан Азия ойындарында ел құрамасына кезекті жүлделер түсті. Саблядан әйелдер командасы мен Байдарка мен каноэ есудің шебері Александр Куликов Қазақстанға қола жүлдені сыйлаған. Бұл туралы Olympic.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Саблядан Тамара Почекутова, Әйгерім Сарыбай, Айбике Хабибуллина және Татьяна Приходько бастаған қыздар жартылай финалда Қытай құрамасына жол берді. Есеп - 25:45. 

Семсерлесу спортының ережесі бойынша, жартылай финалда жеңіліс тапқан команда автоматты түрде қола жүлдеге иелік етеді. 

Фото: Olympic.kz

Фото: Olympic.kz

Жекелей сында өнер көрсеткен Куликов жапон және қытай спортшыларына ғана жол беріп, ал ескек есудегі "слалом" бағдарламасы бойынша үшінші сатыдан көрінген.  

Осылайша, Александр Куликов Қазақстан қоржынын 15-ші медальмен толтырды. 

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel