RU
Түркістан облысында алаяқ ер адам тұрғындарды тақырға отырығызып кетті
Жаңалықтар Қоғам

Түркістан облысында алаяқ ер адам тұрғындарды тақырға отырығызып кетті

Рассказать Вконтакте

Сарыағаш ауданында бірқатар алаяқтық оқиға тіркелді. Жергілікті тұрғындар әлеуметтік бағдарлама аясында ақшаға кенелгесі келіп, тақырға отырған. Бұл туралы Түркістан облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды Newtimes.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: bnews.kz

Фото: bnews.kz

Аудандық кезекші бөлімге екі әйел жүгініп өздерінің алаяқтың құрбаны болғандарын хабарлаған.

Олардың айтуынша, ер адам әлеуметтік бағдарлама бойынша миллионға дейін ақша алуға көмектесемін деп, әрбір келіншектен 30 мың теңге алған. Нәтижесінде, миллиондарды уәде еткен азамат ізін тайдырып, із-түзсіз кеткен.

Оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары басталып, оның барысында күдікті ер адам ұсталған. Оның үш мәрте алаяқтық істерге қатысы бар екенін анықталды.

Зардап шегушілерге ол шамамен 100 мың теңге қарыз болып шықты. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel