Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші болғым келеді: Пәктігін 103 млн теңгеге сатқан стюардесса өз арманын айтты

Опубликовано:

36 жастағы германиялық стюардесса өз пәктігін Cinderella Escorts сайтындағы аукционда сатқан. Мэнди есімді ару өз денесін 103 млн теңгеге бағалаған деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Cinderella Escorts
Фото: Cinderella Escorts: UGC

Германиялық арудың пәктігі үшін белгісіз кәсіпкер 250 мың еуро (103 млн теңге) төлеген. Ал ару ханзадасымен қыркүйек айында кездесуді жоспарлапты.

Бойжеткен өзіне лайықты жанды күтіп шаршап кеткенін айтады. Ал оның пәктігі уақыт өткен сайын оған қиындық тудырған көрінеді. Ол өз бағасы үшін сырттағы адамдардың қысымын байқай беретін болыпты.

Фото: Cinderella Escorts
Фото: Cinderella Escorts: UGC
"Достарым маған қызығады. Олар алғашқы түндерін тастап кеткен жігіттерімен болғанына өкінеді. Ал оның орнына көп ақша табуға болар еді. Қандай жағдай болмасын, өз денеммен не істейтінімді өзім ғана білемін" , -деді Мэнди.

Мэнди жас әнші. Болашағын сахнамен байланыстыратын ол алған ақшасын әншілік мансабы үшін жұмсамақ. Сондай-ақ, ару қаржының бір бөлігін отбасына беріп, қалғанын қайырымдылыққа таратуды да жоспарлап отыр екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1748708-nsi-bolgym-keledi-pktigin-103-mln-tegege-satkan-stuardessa-z-armanyn-ajtty/

pixel