RU
Ақмола облысында мешіттен садақа жəшігін ұрлап кеткен күдікті ұсталды
Жаңалықтар Қоғам

Ақмола облысында мешіттен садақа жəшігін ұрлап кеткен күдікті ұсталды

Рассказать Вконтакте

Көкшетауда құрбан айт қарсаңында ер адам мешіттен садақа жəшігін ұрлап кетті. Оқиғаға қатысты 28 жастағы күдікті ұсталды деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: kazinform.kz

Фото: kazinform.kz

ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша оқиға тамыздың 19-ы күні Жасыл ауылында орын алған. Бурабай аудандық ІІБ кезекшілік бөліміне дін өкілі хабарласып, ауыл мешітіндегі садақа жәшігі қолды болғанын мәлімдеген.

Анықталғандай, белгісіз біреулер мешіт терезесінен кіріп, 10 мың теңге көлемінде ақша салынған жəшікті ұрлап кеткенін айтқан.

«Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы іздестіру шарасы барысында 28 жастағы жергілікті тұрғынды ұстайды. Күдікті бірден қылмысын мойындап, түсініктеме берді», деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 188 бабының 2 бөлігі бойынша сотталды тергеу амалдары жүргізілуде.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel