RU
Қарағандыда кондуктор жолаушы қызды ұрып, тістерін сындырып тастады
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қарағандыда кондуктор жолаушы қызды ұрып, тістерін сындырып тастады

Рассказать Вконтакте

Қарағандыда кондуктор автобус жолаушысын бетінен ұрып, алдыңғы тістерін сындырып тастаған деп хабарлайды ekaraganda.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ekaraganda.kz

Фото: ekaraganda.kz

№7 автобустың ішінде болған оқиға туралы жәбірленуші Сәния Абдурахманова айтып берді.

Оның сөзінше, автобусқа кірген қария кондукторға 100 теңге берген. Ал ол қарттың зейнеткер екенін білдіретін құжатын көре тұра, 20 теңге ғана артық ақшасын қайтарыпты.

Кондуктордың неге 50 теңге бермегенін түсінбеген ақсақал автобус жолаушыларынан көмек сұраған екен. Сонда Сәнияның досы кондуктордан тағы 30 теңге қайтаруын өтініпті. Ал автобус қызметкері оған өте дөрекі жауап қайтарған көрінеді.

"Содан соң ол менің досымды басынан ұрып, құлатты. Кейіннен оны тоқтаусыз соға бастады. Автобус бірден тоқтады, төбелеске жүргізуші де араласа кетті. Жолаушылар көмектескісі келгенімен, кондуктор мен жүргізуші менің досыма жабылып кетті. Мен оларға жақындап, тоқтауын сұрадым. Сол кезде екеуі де мені балағаттай бастады. Сосын кондуктор менің бетімнен ұрып, тістерімді сындырып жіберді. Мен шошығаннан құлап түстім", - деп еске алады Сәния.

Медициналық тексеріс нәтижесінде қыз бен жігіттің денесінде жеңіл дәрежедегі жарақаттар бар екені анықталыпты..

"Мен полиция шақырдым. Олар барлық куәгерлерді жібере салды да, бөлімшеге мені, досымды, зейнеткер мен кондукторды, сондай-ақ, автобус жүргізушісін апарды. Тергеу кезінде олар жәбірленуші екендерін айтты, ал кондуктор өзін жайсыз сезіндім деп, ештеңе жазып бермей қойды",-дейді бойжеткен.

Полицейлер бұл іске қатысты ешқандай қылмыстық құқық бұзушылық таппаған көрінеді. Әділетті жаза қолдану үшін енді жәбірленушілер Қазыбек би ауданы прокуратурасына арыз жазған екен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
2
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel