RU
Шымкентте кішкентай екі қызға тиіспек болған шетел азаматы ұсталды
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте кішкентай екі қызға тиіспек болған шетел азаматы ұсталды

Рассказать Вконтакте

Шымкентте жасы кәмелетке толмаған екі қызға тиіспек болған шетел азаматы ұсталды деп хабарлайды otyrar.kz.

Шымкент. Фото: otyrar.kz

Шымкент. Фото: otyrar.kz

Қырғы базар маңындағы наубайханада жұмыс істейтін ер кісі кешкісін көшеде ойнап жүрген екі қызды жанына шақырады. Қауіптенген қыздар жылаған күйі ер адамнан қашып кеткен.

Қыздардың ата-аналары тәртіп сақшыларына арызданған. Ал құзырлы органдар шете азаматының әрекетінде қылмыс құрамы болмаған деген ресми жауабын берді.

Жасы кәмелетке толмаған қыздың анасы ашуға беріліп, ұсталған азаматқа біраз сөз айтты. Қызына “ойнап тиіскеніне” анасы сенбейді.

“Не десе де күмәнім сейілмейді”, - дейді ашынған ана.

Ішімдік ұрттаған азматтан қорқып қашқан қыз болса, оның өзіне үнемі осылай тиісетінін айтады.

Оқиға кешкі уақытта болған. 12 жасар жасөспірім көрші үйдің алты жасар қызын ертіп ойнап жүрген. Алдарынан шыққан азамат тиісіп, мазаларын алған.

Қылығының дұрыс емес екендігін сезген қыздар кетіп қалуға тырысады. Бірақ әлгі жігіт алдарына бөгет жасап, тұрып алған.

Ұсталған азамат 1988 жылы туған. Шетелден Шымкентке жұмыс іздеп келген. Өзінің айтуынша, бұған дейін істі болған. Оның жеке басын тінту кезінде қалтасынан пышақ табылды. Қазақстанда жұмыс істеп жүргеніне алты жыл болыпты.

Әл Фараби ауданының полиция қызмткерлері оқиғаны растайды. Бірақ шетел азаматының әрекетінде қылмыс құрамы жоқ деген шешім шығарған.

Шетел азаматының қалтасынан шыққан суық қару жөнінде ешқандай мәлімет айтылмады. Ал алаңдаулы ата-ана «егер ол жігіт наубайханаға қайтадан келер болса, балаларының өміріне қауіп төнетінін айтып, қадағалау органдарына шағым келтіреміз” деп отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
4
3
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel