RU
Қуат Найман Азиаданы тікелей эфирде көрсетпеген "Қазспорт" арнасына шүйлікті
Жаңалықтар Қоғам

Қуат Найман Азиаданы тікелей эфирде көрсетпеген "Қазспорт" арнасына шүйлікті

Рассказать Вконтакте

Аралас жекпе-жектен қазақстандық спортшы Қуат Хамитов "Найман" жерлестерінің сайыстағы сәтін көре алмағаны үшін өкпе айтты. Ол Индонезияда өтіп жатқан Азия ойындарын тікелей эфирден көрсетуге мүмкіндік бермегендерге ренішін жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ.

Қандас бауырларының қызыл кілем үстіндегі тартысын онлайн түрде тамашалай алмаған спортшы өзінің наразылығын Instagram парақшасы арқылы айтты.

"Бұл күндері Индонезияда Азия ойындар өтіп жатыр. Ал біз бұл сәтті тамашалай алмаймыз. Сондықтан бауырларымызға қолдау да көрсете алмасымыз анық. Біздің спортшыларымыз ел намысы үшін жан берісіп жатқанда, осы уақытты тікелей эфирден көрсетуге де шамамыз келмейді. Онда бізге "Qazsport-тың", спорт арналарының не қажеті бар? Өзбек бауырларымыздан үлгі алсаңыздар болар еді! Балалардың демалыс уақытында осындай спорт жарыстарын жиі көрсетсек, қаншама жас спортшы пайда болар еді?! Бізде бәрі керісінше орындалады", - деді ашуланған Хамитов.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
18
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel