Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да мүлдем интернеті жоқ қазақ ауылы көпшілікті таңғалдырды

Опубликовано:

ШҚО-дағы мүлдем интернеті жоқ ауыл көпшілікті таңырқатты. Үржар ауданы Ақшоқы ауылының мектебі 2017 жылдан бастап kundelik.kz жүйесіне көшкен деп хабарлайды altaynews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: zhzh.info
Фото: zhzh.info: UGC

Ауыл  тұрғындары интернет деген дүниені естігені болмаса, ешқашан қолданып көрмеген. Ал ұстаздар оқушылардың бағасын электрондық нұсқада қойып жүр екен.

"Бұл бағдарламаның бізге енгеніне бір жылдай уақыт болды. Ауылымыздан  аудан орталығына жету үшін 3-4 сағат уақыт керек. Бізге күн сайын kundelik.kz сайтына тіркеліп оқушылардың бағасын қою керек деген бұйырық  келді. Интернет желісі болмағандықтан біз әр сенбі сайын интернеті бар көрші ауылға барамыз. Біз бағаны қойғанымызбен, оқушылар ол бағаны көре алмайды және сайтты пайдалана алмайды", - деді ұстаз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1748778-sko-da-mldem-interneti-zok-kazak-auyly-kpsilikti-tagaldyrdy/

pixel