RU
Танымал футболшының ата-анасы оның жартысынан астам табысын тартып алды
Жаңалықтар Спорт

Танымал футболшының ата-анасы оның жартысынан астам табысын тартып алды

Рассказать Вконтакте

ПСЖ футбол клубының ойыншысы, бразилиялық Неймар өзінің ата-анасына тапқан табысының жартысынан астамын аударатын болып шықты деп хабарлайды oxu.az сайтына сілетем жасаған NUR.KZ.

Фото: oxu.az

Фото: oxu.az

Басылымның мәліметінше, Неймардың 2017-2018 жылдары тапқан табысы 22,6 миллион евроны құраған. Алайда ол аталған соманың тек 15 пайызын ғана иемденген екен. Қаражаттың қалған бөлігі спортшының әкесі Силва Сантос басқаратын NR Sport компаниясының шотына аударылыпты.

Жалпы мұндай шешімге футболшының ата-анасы ол бар-жоғы 14 жаста болғанда келіпті.

Forbes журналының мәліметінше Неймар әлемдегі ең қымбат үш футболшының қатарына енеді екен. Спортшы жылына 90 миллион доллар табыс табатын көрінеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel