RU
Алматы ІІД басшысы Денис Теннің өліміне қатысты пікір білдірді
Жаңалықтар Қоғам

Алматы ІІД басшысы Денис Теннің өліміне қатысты пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Алматы ІІД басшысы Серік Күдебаев Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы марқұм Денис Теннің қазасына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі сілтеме жасаған NUR.KZ.

Денис Тен. Фото: Sports.kz

Денис Тен. Фото: Sports.kz

"Оның туыстарына көңіл айтамын. Бұл жағдай кездейсоқ болды ма, жоқ па, ол жағын айта алмаймын. Бұл біздің жұмысымыздағы кемшіліктердің кесірінен болуы әбден мүмкін. Мен ол кезде демалыста болдым. Бірақ оқиғадан хабар алысымен дереу жұмысқа оралып, қылмыскерлерді таптық. Мен Алматы керемет қала деп есептеймін. Біз осы жағдайдан кейін де шаһарды адамдар үшін қауіпсіз етуге тырысамыз", - деді Серік Күдебаев.

Айта кетейік, 19 шілде күні Денис Тенге пышақпен шабуыл жасалған болатын. Спортшыны өлтіргендер өмір бойына абақтыға жабылмақ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
0
4
2
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel