RU
Астанада суға батқан автобустың жүргізушісі жұмыстан қуылды
Жаңалықтар Қоғам

Астанада суға батқан автобустың жүргізушісі жұмыстан қуылды

Рассказать Вконтакте

20 тамыз күні Астанада жолаушыларды суға толы автобуспен тасыған жүргізуші жұмысынан қуылды. Бұл туралы брифингте Астана әкімі орынбасары Қосман Айтмұхаметов мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Фото: facebook.com/groups/astanacompandcomp видеосынан скриншот

Фото: facebook.com/groups/astanacompandcomp видеосынан скриншот

"Автобус жүргізушісі ешкімді тыңдамай, сумен жүре берген. Сол себепті, ол қазір жұмыстан босатылды", - деді әкім орынбасары.

Айтмұхаметов 20 тамыз күні көшелерді су басқанда жүргізуші автобуспен айналып өтуі қажет болғанын айтты. Ол бұл әрекет бес-ақ минут алатынын да жеткізді.

Жүргізушіге қатысты ендігі шешімді "Astana LRT" басшылығы қабылдайтын болады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
7
1
1
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel