RU
Анасын құтқармақ болған ару пойыздың астына түсіп кетті
Жаңалықтар Әлемде

Анасын құтқармақ болған ару пойыздың астына түсіп кетті

Рассказать Вконтакте

Американың Джорджия штатында анасын құтқармақ болған қыз жақындап қалған пойыздың рельсіне түсіп кетті деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Кэти Венсзелл Кадр: Channel 2 Action News / YouTube

Кэти Венсзелл Кадр: Channel 2 Action News / YouTube

Сью Венсзелл мен оның қызы Атлантаға қаланы көруге келіпті. Метрода әйелге бейтаныс азамат шабуыл жасап, оны платформадан итеріп жіберген екен. Келіншек рельске құлап, есінен танып қалыпты.

Осы мезетте әйелдің 28 жастағы қызы Венсзелл Кэти көмектесемін деп анасының соңынан секіріп кетіпті. Ол анасын қауіпсіз қашықтыққа шығарып үлгергенімен, өзі пойыздың астында қалып қалған екен.

"Егер Кэти рельске секірмегенде, Сью қазір қасымызда болмас еді", - дейді Кэтидің әкесі.

Абырой болғанда екі әйел де аман қалған. Сью ем-шараларын қабылдап, үйге шықса, қызы Кэти ауыр жағдайда ауруханада жатыр.

Дәрігерлер бірнеше жарақат алған аруға реконструктивті пластикалық ота жасату қажет деп отыр.

Ал әйелді пойызға итеріп жіберген ер адам тәртіп сақшыларының қолына түскен. Полиция бөлімшесінің есебінде оның ақыл-есі кем екені көрсетілген екен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
3
0
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel