Ауа-райы болжамы: Бүгін еліміздің бірнеше өңірінде бұршақ жаууы мүмкін
Синоптиктердің болжауы бойынша, бүгін 23 тамыз күні еліміздің кей облыстарында бұршақ жаууы мүмкін деп хабарлайды "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: BNews.kz
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, бұршақ болуы мүмкін.
Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп тұман күтіледі. Түркістан, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының, күндіз Жамбыл, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі.
Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарында, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі күтіледі.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
2
Тағы да оқыңыздар
Пікір