RU
Алматы облысында жолаушылар көлігінің неліктен аударылғаны белгілі болды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматы облысында жолаушылар көлігінің неліктен аударылғаны белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Алматы облысында жолаушыға лық толы автобустың аударылуына қатысты бірнеше болжам айтылды деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Оқырман видеосынан скриншот

Фото: Оқырман видеосынан скриншот

Оқыс оқиға салдарынан 29 адам зардап шегіп, 5 адам ауруханаға жатқызылған болатын. Құқық қорғау органдары апаттың нақты себебін анықтап жатыр.

Ащыбұлақ пен Батыр ауылдарының екі аралығындағы тас жолда болған. "Барахолка" базарына бет алған жолушылар автобусы көлшікке қарай аударылып кеткен.

Куәгерлердің айтуынша, қоғамдық көліктің рөлі істен шығып, жүргізуші тізгінге ие бола алмапты.

"Мен сол жағында отырдым. Кенет автобус аударылды. Есімді білем. Бірақ тұра алмадым. Адамдар абыр-сабыр шығып жатыр. Жүргізуші қолымнан тартып шығарды", - дейді зардап шегуші Ардақ Құсманова.

Іле аудандық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Омарханова қазір жолаушылардың жағдайы қалыпты екенін айтады.

"Барлығының жағдайы қалыпты. Ересектерден үш адам реанимацияда жатыр. Он баланың 8-і үйлеріне жіберілді. Екеуі ауруханада бас жарақатымен жатыр", - деп мәлімдеді Омарханова.

Айта кетейік, қазір апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалып, нақты себебі анықталып жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel