RU
Үш баласын мектепке дайындай алмаған Алматы облысының тұрғыны елден көмек сұрады (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Үш баласын мектепке дайындай алмаған Алматы облысының тұрғыны елден көмек сұрады (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматыда жалғызбасты ана үш баласын мектепке дайындай алмай елден көмек сұрады деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: КТК арнасынан алынды

Фото: КТК арнасынан алынды

Екі егіз ұл мен бір қыз тәрбиелеп отырған Роза Ремқұлованың үйінен өрт шығып, дүние-мүлкімен қоса, балаларының киімі мен мектепке керек-жарағы түгел жанып кетіпті.

Асханада ыдыс жуып күнін көрген келіншектің жаңасын сатып алуға қаржысы жоқ. Ал оқу жылының басталуына болса, санаулы күндер қалды. Әйел балаларының мектебіне деп ағайындарынан көмек сұраған. Алайда, ешбірінен де жәрдем болмай жатыр екен.             

Киім сөресін көрсеткен Роза Ремқұлова көз жасына ерік берді. Айтуынша, үйінде алапат өрт боп, біраз дүние-мүлкімен қоса, балаларының мектеп киімдері де өртеніп кетіпті. Аман қалғаны осы қыстық күртешелер ғана.

"Балаларым 1-ші қыркүйекте қатарластарынан қалмай, мектепке барса екен деймін. Бірақ, жаңа киім тұрмақ, мектеп сөмкесін сатып алуға да ақшам жетпей жатыр. Түнімен ұйықтамай, осыларды уайымдап шығам. Туысқандарыма көмек сұрап бардым. Бірақ, олар көмек бере алмаймыз деп қайтарды", - дейді ү баланың анасы.

Розаның қызы биыл алтыншы сыныпқа өтсе, егіздері 4-ші сынып табалдырығын аттауы тиіс. Олардың әкелері төрт жыл бұрын тастап кеткен. Балаларына жәрдем бермек түгілі, төбе де көрсетпейтін көрінеді. Үш баласымен жартылай өртенген үйді паналаған жалғызбасты ана тым болмаса балаларын мектепке жіберу үшін қайырымды жандардан көмек сұрайды.

Отбасы телефоны: 8 747 468 7675

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
2
0
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel