Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Африкалық балақайларды қазақша сөйлеткен отандық әзілкеш жұртты тәнті етті (видео)

Опубликовано:

Отандық әзіл-сықақ театрының жарқын жұлдызы Қажет Смағұлдың африкалық балалармен жүктеген видеосы қазақстандықтардың ерекше ықыласына ие болды. Танымал әзілкеш өзге ұлт балаларына құрбан айт мерекесімен қалай құттықтау керектігін үйретіп қойған деп жазады NUR.KZ.

Шетелде кино туындының түсірілімінде жүрген әзілкеш өзінің парақшасы арқылы Нұрлан Еспановты құрбан айтпен арнайы құттықтауды ұмытпады.

Қажет Смағұл африкалық балақайларды қасына жинап алып, оларға құрбан айтпен құттықтау сөздерін айттырған.

Желі қолданушылары қазақ тілінде сайраған балаларға тәнті болып, отандық әзілкешке өз ыстық лебізін жаудырған.

"Тамаша, осындай азаматтар көбейе берсін"
"Қажеке осы жолы қатырдың. Жарайсың, Африкаға сәлем айт!"
"Керемет құттықтау, осылайша әлем жұрты біздің тілді танитын болады", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1748832-afrikalyk-balakajlardy-kazaksa-sjletken-otandyk-zilkes-zrtty-tnti-etti-video/

pixel