RU
Дженифер Лопес отандық "Зың зыңды" желіден өшіріп тастады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Дженифер Лопес отандық "Зың зыңды" желіден өшіріп тастады

Рассказать Вконтакте

Интернетте хитке айналған қазақстандық "Зың зың" туындысы Youtube желісінен өшірілді. Оның ғаламтордан алынып тастауының себебі америкалық Music Warner Group компаниясының түсірген шағымы болса керек деп жазады NUR.KZ.

Фото: Скриншот

Фото: Скриншот

Бұл хит туындыны түсірген Jokeasses әзілкештер тобы сөзін өздері жазған әнінің желіден алынып тасталғанына ашулы. Анықталғандай, "Зың зың" америкалық музыкалық компанияның авторлық құқықты бұзғаны үшін түсірген шағымы негізінде жойылған.

NUR.KZ "Зың зыңды" түсірген топ жастарымен сөйлесіп, оқиғаның мән-жайын біліп қайтты.

Отандық туынды әйгілі Дженнифер Лопестің "Control Myself" әнінің плагиат нұсқасы деген күдік тудырғаннан кейін Youtube желісінен өшірілген.

Екі әнде де ұқсас тұстары бар. Бірақ, қазақстандықтардың айтуынша олар әнннің сөзін де, битті де өздері жасап шығарғанын айтуда.

"Бейнебаяннан бөлек, оған өз әсерлерін түсірген жанкүйерлердің видеолары да өшірілген. Біз түсінер емеспіз. Дженнифер Лопестің тек бар болғаны дауыстық бөлігін ғана алдық, инструменталды жағы барлығы өзімідікі" , - деп айтты олар.

Jokeasses ұжымы орын алған, түсініспеушіліктің мән-жайын білу үшін шағымданған Warner Music Group компаниясының өкілдерімен байланысқа шықпақ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
0
1
0
0
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel