RU
Мал сасып кетіпсің: Алматы облысындағы төбелестен көз жұмғандар арасында дау туындаған
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Мал сасып кетіпсің: Алматы облысындағы төбелестен көз жұмғандар арасында дау туындаған

Рассказать Вконтакте

Алматы облысында мамыр айында болған төбелеске қатысты сот басталды. Жанжалда жараланып қалған Қаһарман Жұман текетірестің "мал сасып кетіпсің" деген әзілден басталғанын айтты деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: КТК. Видеодан скриншот

Фото: КТК. Видеодан скриншот

Оқиға 7-ші мамыр күні болған. Есік қаласындағы мейрамханалардың бірінде отырған алты жігіттің арасындағы жанжал "мал сасып кетіпсің" деген қалжыңнан басталған көрінеді.

Сол мезетте мейрамханаға тағы екі жігіт келіп жеткен екен. Олар дереу суық қаруларын алып, мейрамхана маңын шуға айналдырыпты.

Текетірес нәтижесінде екі азамат көз жұмған. Ал кикілжіңнің түсініксіз тұстары әлі де көп болып отыр.

Төбелеске 9 адам қатысқанымен, сот екі азаматты ғана айыпталушы ретінде таныған. Оның біреуі жәбірленуші ретінде де жауап беріпті. Ал қалған төрт адам сот залынан мүлде көрінбеген екен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
2
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel