RU
Тікелей эфирде сұхбат алып тұрған журналист есінен танып қалды (видео)
Жаңалықтар Әлемде

Тікелей эфирде сұхбат алып тұрған журналист есінен танып қалды (видео)

Рассказать Вконтакте

"Россия 24" телеарнасының журналисі Дарья Козлова тікелей эфирде есінен танып қалды. Ол Сауда және өнеркәсіп министрлігінің басшысы Денис Мантуровпен сұхбаттасып тұрған кезде құлаған деп хабарлайды rbc.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Армия-2018" форумында журналист министрден Біріккен авиақұрылыс корпорациясының "Ростех" құрамына енуі қандай нәтиже әкелетінін сұраған.

Мантуров сұраққа жауап беріп жатқанда тілші тепе-теңдік сақтай алмай құлаған екен. Алайда министр мен оның қасындағы әйел журналисті ұстап үлгеріпті.

Кейінірек телеарнаның баспасөз қызметі Козлованың жағдайы жақсы екенін айтқан. Ал "Россия 24" арнасының бас редакторы Евгениц Бекасов журналистің сюжет жасап жатқанын жеткізіпті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel