RU
"Qazsport" арнасына шүйліккен Қуат Найманға Ерлан Қарин жауап берді
Жаңалықтар Қоғам

"Qazsport" арнасына шүйліккен Қуат Найманға Ерлан Қарин жауап берді

Рассказать Вконтакте

РТРК "Qazaqstan" төрағасы Ерлан Қарин ұлттық арнаны сынға алған Қуат Найманға жауап берді. Басқарма төрағасы Азияданың көрсетілімі неге жүзеге аспағанын ашық айтты деп жазады NUR.KZ.

Фото: instagram.com/kuat_khamitov. Ерлан Карин. Фото: facebook.com/erlan.karin

Фото: instagram.com/kuat_khamitov. Ерлан Карин. Фото: facebook.com/erlan.karin

Отандық ережесіз жекпе-жектің жарқын жұлдызы Қуат Хамитов өзінің Instagram парақшасында наразылығын білдіріп, жазба қалдырған болатын. Оның ел арасында "резонанс" тудырған жазбасын арна басшылығы жауапсыз қалдырмады.

Спортшы қазіргі уақытта өтіп жатқан Азияданы отандық арналар көрсетпейтінін айтып, басты спорттық канал "Qazsport" -ты аяусыз сынға алған болатын

"Бізге Қазспорт секілді арналардың қажеті не? Олардың бірі де Азияданы көрсете алмаса?", - деп шүйліккен болатын Қуат Найман.

Ашуға булыққан спортшының сынына арнаның басшысы жауап берді. Ерлан Қарин өзінің Facebook парақшасы арқылы Қуат Найманның қозғаған мәселесіне қатысты мәлімдеме жасады.

Басқарма төрағасының айтуынша, Азияданы ұлттық арнадан көрсету жоспарда болған. Алайда, турнирдің ұйымдастырушылардың белгілеген төлем бағасы арна үшін тым қымбат болып шыққан.

"Біз келіссөздерді 2017 жылдан бастап жүргіздік. Алайда, Азияда ұйымдастырушылары лицензиялық көрсетілім бағасын әдеттегіден үш есе көтеріп жіберді.
Олар өз алдына коммерциялық ұйым болғандықтан, оларға ешкім қандай баға орнату керектігін айтуға қауқарсыз. Сол себепті біз Азияда көрсетілімін жүзеге асыра алмадық", - деп айтты Карин.

Төрағаның айтуынша, халықаралық турнирдің көрсетілімінен тек қана Қазақстан емес, тағы да басқа көрші елдер де бас тартқан.

"Біз барша қазақстандықтардың алдында кешірім сұраймыз. Бұл өте өкінішіті жағдай", - деп қайырды арна басшысы.

Оған қоса, Ерлан Қарин Индонезияға бірқатар журналистердің жөнелтілгенін айтты. Олар Азиядадан арнайы репортаждарды ел аназарына ұсынып тұратын болады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
0
0
0
2
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel