RU
Қолы жетпеген арманын айтқан Салтанат Бақаева жұртқа жақпай қалды (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Қолы жетпеген арманын айтқан Салтанат Бақаева жұртқа жақпай қалды (фото)

Рассказать Вконтакте

Отандық әнші Салтанат Бақаева қандай көлікті армандап жүргенін желі парақшасында айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Салтанат Бақаева. Фото: darplay.kz

Салтанат Бақаева. Фото: darplay.kz

"Баршаңызға қайырлы таң! Мен армандап жүрген көлігім. Әзірше менікі емес, бірақ арманым орындалатынына сенемін, жай ғана сену аздық етеді. Сондықтан еңбек ету керек! Одан мен ешуақытта қашқан емеспін. Жұмыс күні сәтті өтсін! Армандарыңыз орындалсын!", - деп жазған әнші арманындағы көліктің суретімен бөліседі.

Желі қолданушылары әншіге ақ тілектерін жаудырды.

"Арманыңызға жетіңіз!", "Жұлдыз Абдукаримованың көлігі емес пе", "Алла сүйікті құлдарына береді, армандар орындалады, Салтанат, сіз лайықсыз ондай көлік мінгенге", - деп жазды пікір қалдырушылар.

Алайда желі қолданушыларының кейбіріне әншінің бұл сөздері жақпай қалды.

"Сол да арман болып па, бірінші денсаулықты армандаңдар, отбасыларыңның амандығын армандаңдар, ата-ананың амандығын арманда, қалған тірлік бұйырса ретімен келеді, еңбек етсең болғаны", "Әрине 20 мыңға сөзін жаздырып, тегін музыкасын жаздырсаңыз және қымбат ақшаға тойда өлең айтсаңыз, арманыңыз орындалып, осындай қымбат көлікке жетесіз", - деп жазған кей пікір қалдырушылар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel