Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сиви Махмуди тойға шығып, қыз ұзатуға көшті (видео)

Опубликовано:

Отандық танымал мұнай магнатының қызы Сиви енді тойға шығып, қыз ұзатып жүр. Әншінің осы уақытқа дейін қыз ұзатқанын көрмеген тыңдармандары таңданыстарын жасырмады деп NUR.KZ хабарлайды.

Сиви Махмуди. Фото:m.androidmafia.ru
Сиви Махмуди. Фото:m.androidmafia.ru: UGC

Белгілі әнші Сиви жақында желідегі парақшасына тойда қыз ұзатып жүрген видеосын салды. Бұрын соңды той әлемінде жиі бой көрсете бермейтін әнші тыңдармандарына тосынсый жасады.

Айта кетейік, Сиви елімізге танымал ауқытты отбасынан шыққан. Әкесі Махмұт Нәлібаев – бүгінде ірі мұнай магнаты. Әнші бүгінде үш баланың анасы, аяулы жар болып отыр. Өнер жолында актриса, продюссер ретінде бірнеше рет бағын сынап көрген әнші бұл жолы қыз ұзатуды қолға алды. Сивидің жаңа қадамына оқырмандары қолдау көрсетіп, түрлі пікір қалдырды. Олар: "Қадамыңыз құтты болсын", "Әдемі жарасып тұр, сізге", "Керемет, Сенің жолынды берсін" деп жазды. Ал енді біреулері: "Ақшасы көп жұмыс қой", "Сиви қалыңдықтан әдемі болудың қажеті жоқ" деп сынап тастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1748853-sivi-mahmudi-tojga-sygyp-kyz-zatuga-ksti-video/

pixel