RU
Анам мақтанса деймін: Пәктігін аукционға қойған модель жан сырымен бөлісті
Жаңалықтар Әлемде

Анам мақтанса деймін: Пәктігін аукционға қойған модель жан сырымен бөлісті

Рассказать Вконтакте

Әзірбайжан моделі Махбуба Мамедзаде болашағын қамтамасыз ету үшін пәктігін сатпақ. Ол өз хабарландыруын Cinderella Escorts сайтына жариялаған деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: cinderella-escorts.com

Фото: cinderella-escorts.com

Жазбаға бекітілген бейнежазбада қыз өз әрекетінің мақсатын түсіндірген.

Мамедзаденің сөзінше, тапқан ақшасына ол анасымен бірге тұратын үй алғысы келеді екен.

"Осы уақытқа дейін анам мен үшін барлығын істеді. Енді ол менімен мақтанғанын қалаймын",- дейді модель.

Сондай-ақ, ару әлем аралап, АҚШ-қа көшкісі келетінін, модельдік мансабын сонда жалғастырғысы келетінін айтқан.

Бойжеткен үйсіз иттерге баспана да ашуды жоспарлап жүр екен.

Сайттың талабаы бойынша, пәктік үшін ұсынылатын алғашқы баға 100 мың еуроны құрайды. Келісімшарт арқылы жеңген жеңімпаз арумен бір түнін Германияның кез келген қонақ үйінде өткізе алады екен.

Агенттіктің хабарлауынша, Мамедзаде қазір Түркияда жұмыс істейді. Ол Brave Model Management агенттігімен серіктес болып, түрлі шетелдік сән көрсетілімдеріне қатысады екен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
10
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel