Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жас келіншегі мен балаларының суретін жүктеген Абай Бегей жұртқа жақпай қалды (фото)

Опубликовано:

Отандық танымал әнші жақында ғана үйленген жас әйелі мен балаларының суретін желіге салып, сынның астында қалды. Көпшілікті қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтамақ болған Абай Бегей елден сөз естіп тынды деп хабарлайды NUR.KZ.

Оқырмандарын қасиетті мерекемен құттықтаған Абай Бегей желідегі парақшасына отбасымен бірге түскен суретін жүктеді.

Әнші суретте жас әйелі мен үш баласын қатар қойған. Әншінің оқырмандары түрлі пікір жазып қалдырып, оны барынша сынап тастады.

"Бірінші әйелін қоймаушы еді", "Балалар бақытсыз", "Келіншегіңіз жастау екен, қыздарға дұрыстап қарауын талап етіңіз. Қыз бала өте нәзік келеді. Алланың аманаты" деп жазды.

Айта кетейік, Абай Бегей осыдан аз уақыт бұрын үш баласы бола тұра, өзінен 16 жас кіші қызға үйленіп, елді шулатқан болатын. Желіде қызу талқыға түскен той, әлі күнге дейін көпшіліктің есінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1748863-zas-kelinsegi-men-balalaryny-suretin-zktegen-abaj-begej-zrtka-zakpaj-kaldy-foto/

pixel