RU
Алматы облысында автобус аударылатынын әкімге үш ай бұрын ескерткен (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Алматы облысында автобус аударылатынын әкімге үш ай бұрын ескерткен (фото)

Рассказать Вконтакте

13 адам зардап шеккен жол апатына дейін үш ай бұрын жергілікті тұрғын Іле ауданы әкіміне жолаушылар автобусы аударылып қалуы мүмкін екенін ескерткен деп хабарлайды NUR.KZ.

Скриншот: Іле ауданы әкімдігінің сайты және NUR.KZ оқырманының видеосы

Скриншот: Іле ауданы әкімдігінің сайты және NUR.KZ оқырманының видеосы

Іле ауданы әкімдігінің сайтындағы "Сұрақ қою" бөліміне жолданған хаттың скриншоты мен сілтемесін NUR.KZ оқырманы редакцияға жолдады.

"Сәлеметсіз бе, құрметті әкім. Көк-Қайнар ауылындағы жол мәселесін шешіп беруіңізді сұраймыз. Біз "автобус аударылып қала ма" деп қоғамдық көлікке отырудан қорқатын болдық. Ал ол болса жолаушыларға лық толы. Аудан әкіміне өтініш жолдаған едік. Ол өте дөрекі адам болып шықты.

Біз не үшін жолдың жөнделуіне қаражатты өз қалтамыздан төлеуіміз керек?.. Назар аударуыңызды сұраймыз. Сізге жүгінуіміз бекер болмайды деп үміттенеміз", - деп жазған 16 мамыр күні жергілікті тұрғын.

Ол сегіз күннен кейін Іле ауданы әкімдігінен жауап алған.

"Құрметті Жанна. Сіздің өтінішіңіз бойынша келесіні хабарлаймыз:

2017 жылы көшені жөндеуге жобалық-сметалық құжат әзірленді. Мәслихаттың кезекті сессиясында жөндеу жұмыстарына бюджеттен қаражат бөлу мәселесі қаралатын болады. Қаражат түскен жағдайда Алматинская көшесі жөндеуден өтеді", - деп жауап қатты шенеуніктер.

Еске салсақ, Алматы облысында авотбус аударылып, 13 жолаушы зардап шеккен болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
0
1
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel