RU

Өртенген мешіттен ана мен баланың өлі денелері табылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қырғызстанның Араван ауданында өртенген мешіттен әйел мен баланың өлі денелері табылған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді деп хабарлайды kaktus.media сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: kaktus.media

Фото: kaktus.media

Өрт 23 тамыз күні таңғы сағат 07:15-те басталған.

Осы уақытта құтқарушыларға Араван ауданы Гулбар ауылындағы мешіттің өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түскен.

Тілсіз жау сағат 07:50-де сөндірілген екен.

Алдын ала мәліметтер бойынша, мешітті сөндіру кезінде 1982 жылы туған әйел мен 2008 жылы туған сәбидің өлі денелері табылған.

Болжамға сәйкес, келіншек балақайдың анасы болып табылады.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Өртенген мешіттен ана мен баланың өлі денелері табылды
Mailfire view pixel