RU
Қауіпті флешмоб салдарынан 12 жасар қыздың жарты денесі өртеніп кетті
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қауіпті флешмоб салдарынан 12 жасар қыздың жарты денесі өртеніп кетті

Рассказать Вконтакте

Америкада оқушы қыз қауіпті флешмобқа қатыспақ болып, қайғылы жағдайға тап болды. 12 жасар қыз Fire Chаllenge-дің кесірінен жарты денесін өртеп алды деп жазады Fox Detroit сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото. fox Detroit

Фото. fox Detroit

Тимия Лендерс құрбыларымен үйінде отырған сәтінде танымал челленджге қатыспақ болып, өзін өртеп жіберді.

Әкесі оны жуынатын бөлмеге апарып үстіне су құйса, анасы өртенген киімін үстінен жұлып әлек болған. Жедел түрде ауруханға жеткізілген бойжеткен денесінің 50%-ы өртеніп кеткені анықталды.

Тимия құрбыларымен бірге Youtube желісінде танымалдылыққа ие болған Fire Challenge флешмобына қатыспақшы болған. Ол үстіне арнайы сұйықтық құйып артынша сіріңкемен тұтатқан.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel