RU
Сене алар емеспін: Александра Опачанова Азия ойындарында үздік үштікке ілінді (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Сене алар емеспін: Александра Опачанова Азия ойындарында үздік үштікке ілінді (фото)

Рассказать Вконтакте

Бүгін Палембангта академиялық есуден финалдық бәсекелер өтіп жатыр. Әйелдер арасындағы жекелей сында Александра Опачанова үздіктер қатарына енді деп хабарлайды Olympic.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: olympic.kz

Фото: olympic.kz

Ол Қытай және Тайпей спортшыларын алға жіберіп, мәреге үшінші болып келді.

"Шынымды айтсам, үшінші болып келгеніме сенген жоқпын. Сәл жетпей қалдым ба деп ойладым. Өйткені, менің мәреге жеткенімді айғақтайтын дыбыс белгісі естілген жоқ. Бұл жүлдеге жету үшін менің неден өткенімді білсеңіздер ғой?! Қуанышымда шек жоқ! Құттықтауларыңызға рахмет! Өйткені, жанкүйердің қолдауы ерекше сезілді", - дейді Опачанова. 

Айта кетейік, бұл академиялық есуден биылғы Азия ойындарында жеңіп алған тұңғыш жүлдеміз.

Сондай-ақ, академиялық есуден ерлер арасындағы финалдық кезеңде бақ сынаған В. Яковлев қолаға қол созым жерден тоқтап, 4-ші орын иеленді. 

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel